Адами капитал

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді ұсынады

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарына қызмет өтілі 10 жылдан кем баспанаға мұқтаж келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қызметтік тұрғын үй беру қарастырылған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан26 Желтоксан , 18:43

Ол болмаған жағдайда, үй-жаймен қамтамасыз етілгенше жалға алғаны үшін өтемақы төленеді. ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін 100 пайыз баспанамен қамтамасыз ету үшін құрылысқа біржолғы күрделі қаржы жұмсалымы қажет. Алайда, бөлінген бюджет қаражаты қысқа мерзім ішінде Қорғаныс министрлігінің қажетті қызметтік тұрғын үй қорын құруға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты, қызметтік тұрғын үй қорын толықтыруды жеделдету мақсатында қолданыстағы жүйемен қатарлас Қорғаныс министрлігінің меншігіне кейіннен сатып алынатын арендалық баспаны алу мәселесі қарастырылуда. Аталған механизм ҚР Қорғаныс министрлігіне арендалық тұрғын үй берілу мүмкіндігіне қарай біртіндеп енгізіледі және қолданыстағы жүйемен көрсетілген категорияны баспанамен қамтамасыз ету қатарлас жүреді.

Яғни, қызметтік немесе арендалық баспанамен қамтамасыз етілмеген жағдайда жалға алғаны үшін өтемақы төлеу жалғасатын болады. Осыларды ескере отырып, жалға алғаны үшін төленетін өтемақы тоқтайды деген дақпырт негізсіз және шындыққа сәйкес келмейді. Бұл норма заңнамалық деңгейде қарастырылған және өзгеріс енгізу жоспарланбаған. Қолданыстағы заңнамамен бекітілген әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету құқығына шек қойылмайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде әлеуметтік төлемдердің шығындарын қысқартпау туралы тапсырма қойды. Осыған байланысты, 2015-2017 жылдардың Республикалық бюджетінде көрсетілген категориядағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жалға алғаны үшін өтемақы төлеу үшін толық көлемде ақшалай қаражат қарастырылған.

 




Яндекс.Метрика