Мәдениетті жаңғырту

Мәскеу метросында «Белгісіз Қазақстан» фотокөрмесі өтті

Мәскеуде «Выставочная» метро аялдамасында орналасқан «Метро» галереясында «Белгісіз Қазақстан» атты фотокөрме ашылды. Оны Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қорымен және Мәскеу метросының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде 26 Желтоксан, 13:31

«Көрменің басты мақсаты, ол – «Болашақ Энергиясы» атты тақырыппен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында Қазақстанның әртүрлігін, табиғи байлығын және зор әлеуетін Мәскеу тұрғындарына және қонақтарына жеткізіп көрсету, болып табылады», - делінген хабарламада.

Көрмені салтанатты ашу рәсімінде сөз бастаған Мәскеу метро әкімшілігі басшысының орынбасары Владимир Погонин – елорда метросы қызметін күнара милиондаған адамдар пайдаланатын тек көліктік кәсіпорын ғана емес екенін айтып өтті.

«Біз метро жүйесімен пайдалану жайлылығын арттыруды тырысамыз және осы бағытта мәдени жобаларға ерекше көңіл бөлеміз. Бүгінгі таңда жолаушылар Қазақстанмен фотосуреттер арқылы танысып отыр», - деді ол.

Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев көрмені ұйымдастыруға қолғабыс көрсеткен үшін метро әкімшілігіне зор алғысын айтып, елімізге барып келген Ресей азаматтары да осы қойылым арқылы Қазақстанды жаңадан ашу мүмкін деген сенімін білдірді.

Осы пікірге РФ Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері үшінші департаменті директорының орынбасары Владимир Спринчан да қосылды. «Мен Қазақстанда төрт жыл бойы қызмет еттім, әлемнің біраз жерлерінде болып келдім, - деді ресей дипломаты. – Бірақ мен де бүгін суретшінің көзімен көрсетілген Қазақстан табиғатының әсемдігімен таныса өтіп, Қазақстанды жаңадан ашқандай болдым».

2012 жылы «Белгісіз Қазақстан» атты өнерлі жоба (басшысы - Константин Киквидзе) ҚР Тұңғыш Президенті қорының грантына ие болды.

 

 





Яндекс.Метрика