Евразиялық одақ

ЕҰУ магистранттары Белгияда ЕО пен Қазақстанның өзара қатынасын талқылады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің 100-ден астам магистранты орта ғасырлық қала Антверпендегі (Бельгия) Еуропаның үздік университеттерінде ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті.
Әлемде26 Желтоксан , 12:26

ЕҰУ баспасөз қызметінен хабарлағандай, тәжірибеден өту барысында студенттер Бельгияның көне университеттерінің  - Антверпен мен  Левен католиктік университеттерінің профессорларымен кездесіп, зертханалары мен сынақтар өткізу нысандарының жұмысымен танысып қайтты.

Бұдан басқа,  магистранттар Еуропалық комиссияда Брюсселде өткен  «Еуропалық Одақ және Қазақстан-2050» ғылыми конференциясына қатысты.  Конференцияны EduCouncil халықаралық білім беру орталығы ұйымдастырды. Оның мақсаты байланыс орнату, ЕкрАзЭҚ пен Еуропалық одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты одан ары ілгерілету, ұстаздардың біліктілігін арттыру.




Яндекс.Метрика