Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қызылордада дуальды оқыту жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Болашақ» университеті жанындағы колледжінің ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуалдық оқытуды енгізу» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда26 Желтоксан , 18:27

««Дуальді білім беру жүйесінің Жол картасы» аясында эксперименталды жұмыс жасайтын колледждермен дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарға техникалық және кәсіптік білім беру орындарының өкілдері мен тәжірибе алаңдары - «Динара», «Майра», «Гүлнұр» сән салондарының басшылары қатысты», - делінген хабарламада. 

Шара барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанна Скакова қазіргі таңда еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынмен өсуіне байланысты кәсіби білікті жұмысшы мамандарға сұраныстың артқандығын айта отырып, заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғанын жеткізді. 

Бұл бағытта Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен «Қызылорда облысының Дуальді білім беру жүйесінің Жол картасы» әзірленіп, облыста колледждерді бірлесе басқаруды енгізу жобасы жүзеге асырылуда, дуальді білім берудің Жол картасын жүзеге асыру сүйемелденуде, кәсіптік бейімдеу шараларын өткізуге кәсіпорындарды тарту шаралары қабылдануда. 

Шара барысында дуальді оқыту жүйесі бойынша эксперимент аясында жұмыс жасайтын оқу орындарының басшылары дуальдік жүйенің ерекшеліктерімен бөлісіп, жұмыс берушілер экспериментке қатысу барысында туындайтын мәселелермен таныстырды. 

Шара соңында семинарға қатысушылар жұмыс беруші мекемелер – «Майра», «Динара», «Гүлнұр» сән салондарында оқушылардың кәсіптік тәжірибе жұмыстарымен танысты.

 




Яндекс.Метрика