ҚР ИИДМБ

Жамбыл облысында 597,2 млрд теңгенің 41 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында 123,3 млрд.теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылып, 5 мыңға жуық адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл26 Желтоксан , 12:09

«Жалпы, Жамбыл облысында 41 инвестициялық жоба іске асуда. Олардың құны 597,2 млрд.теңгені құрап отыр, 8,2 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады деп күтілуде», - делінген хабарламада.  

Қазіргі таңда 123,3 млрд.теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылып, 5 мыңға жуық адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 25,3 млрд.теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылып, 994 жаңа жұмыс орны ашылды.  Аталған 6 жоба Қазақстанда бұрын шығарылмаған жаңа өнім түрлерін шығарады.  Оның ішінде энергияны үнемдейтын шамдар, ТОПС өндіру, парфюмерияда қолданылатын сафлор майы, бір рет пайдаланатын медициналық бұйымдар,  натрий гексаметафосфаты меннатрий цианиді бар.   

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы жобаларының бірінші бесжылдығының қортындысы аясында жалпыұлттық телекөпірде Жамбыл облысы аймақта жүзеге асып жатқан 2 жобаны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды.

Ұсынылып жатқан нысанның біріншісі «Vista International» ЖШС жел электр станциясы болып отыр. Аталған жел электр станциясы былтыр іске қосылып, 4 МВт электр энергиясын өндіре бастаған.   Қазіргі таңда, Қордай ЖЭС - ның қуаты жылына  59,5 млн. кВт/с құрап отыр. Аталған жобаның құны 6,4 млрд. теңге, 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Сонымен қатар, Жамбыл облысынан ұсынылған екінші жоба - Мыңарал цемент зауыты «Мынарал Таскомпани» ЖШС.  2010 жылы іске қосылған  кәсіпорын  өткен жылы 1,2 млн. тонна цемент өндіріп, толық жобалық қуатына шықты. Қазір зауытта  350 адам еңбек етуде, орташа  жалақысы 80-150 мың теңге.

 




Яндекс.Метрика