Халықаралық интеграция

ThyssenKrupp компаниясы мен «Самұрық-Қазына» Богатырь кен орнын жаңғырту жобасы бойынша әріптес атанды

«Самұрық-Қазына» тобы Богатырь кен орнындағы көмірді өндіру, бұрғылау және тасымалдаудың жаңа технологиясын енгізу жобасы бойынша әріптесін анықтады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ.
Астана қаласы26 Желтоксан , 16:54

««Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ БК мен «РУСАЛ» БК) менәлемдегі озық тау-кен жабдықтары мен технологияларын өндіретін  «ThyssenKrupp Industrial Solutions AG» компаниясы арасында 2014 жылғы 22 желтоқсанда келісімге қол қойылды», - делінген хабарламада.  

«Богатырь Көмір» компаниясы бұл бастаманы 2006 жылы көтерген болатын. Алайда 2014 жылы ғана, қазақстандық тарап басқарушы акционер құқына ие болғаннан кейін, жобаны іске асыруды жеделдететін шешімдер қабылданып, Thyssen Krupp компаниясымен келісім жасалды», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін басқару жөніндегі бас директор Қуаныш Бектеміров.

Келісім бойынша ThyssenKrupp инжиниринг, жабдықтарды дайындау мен жеткізу, шефмонтаж қызметтерін көрсетеді, жобаны іске асыратын жұмысшыларды оқытып-үйретеді.

Жобаны 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.«Богатырь» кен орнындағы бұл жобаның іске асырылуы төмендегідей нәтижелерге жеткізеді: қосымша 8 млн. тонна сапасы тұрақты көмір өндіру, өндіріс қуатын 20 %-ға өсіре отырып, еңбек өнімділігін 35%-ға арттыру, жаңа Балқаш ГЭС пен ЭГРЭС-1, ЭГРЭС-2 станцияларының жұмыс ауқымын кеңейтіп, Қазақстан мен Ресейдегі энергетикалық саланың қажеттілігін өтеу үшін көмір өндіруді ұлғайту, ескірген тау-кен техникасын озық үлгілерге ауыстырып, өндірісті жаңғырту.

«Богатырь Көмір» компаниясы – ашық әдіспен көмір өндіретін «Самұрық-Энерго» АҚ (Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниясы) мен «РУСАЛ» БК қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорыны. Компанияның Екібастұз көмір бассейніндегі үлесі – 60 пайыз, еліміз бойынша үлесі – 40 пайыз. «Богатырь Көмір» - әлемдегі ашық әдіспен көмір өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі, ондағы қор 3 миллиард тоннаны құрайды.




Яндекс.Метрика