Өңірлер

2015 жылы теңгенің құнсыздануы болмайды – сарапшы

Қазақстан экономистері қауымдастығының атқарушы директоры Олжас Құдайбергенов ҚР Үкіметі мен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесіне қатысты Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне сұхбат барысында өз пікірімен бөлісті.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 09:48

«2015 жылы теңгенің құнсыздануы болмайды. Мемлекеттік компанияларда мөлшерден басқа долларға сұраныс туындатпауға тырысуы керек. Егер белгілі бір тауарлар доллардың күшею қаупінен сатылып алынған болса, олардың құнын теңгеге айналдырып, нарықта сатып жіберу керек. Халық пен бизнестің теңгеге деген сенімін қайтару үшін бұл долларсыздандыру бағытындағы алғашқы салмақты қадам. Енді мемлекеттік компаниялардағы доллар қорының көлемі азайып, теңге күшейе бастайды», - дейді О.Құдайбергенов.

Оның айтуынша, елдегі долларсыздандыру бағытындағы шаралар кезінде банк саласымен қатар салымшылардың да өз үлесін қосуы керектігін айтты.

«Ең алдымен доллармен несиесі бар адамдарды теңгеге ауыстыруға ден қою абзал. Заңды тұлғаларда бұл қайта қаржыландыру, жеке тұлғалар ипотекалық қарыздары бар жағдайда қосылуы мүмкін», - деді О.Құдайбергенов.

Сонымен қатар, ол сыртқы нарықтағы шиеленісті жағдайлар кезінде нақты қолға алынатын шаралардың өз уақытымен кезең-кезеңімен атқарылатынын айтты.

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика