Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Астанада «Жасыл өткел» серіктестік бағдарламасының дамуы бойынша конференция басталды

Бүгін Астанада «Жасыл өткел» серіктестік бағдарламасы мен «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Шараны БҰҰ даму бағдарламасы мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бірлесе ұйымдастырып отыр.
Казахстан30 Қыркүйек , 11:54

Конференцияға Кедендік одақ елдерінің қоршаған ортаны қорғау ведомство жетекшілері мен халықаралық және жеке ұйымдардың өкілдері, экология саласындағы сарапшылар қатысты.

Таныстыру барысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов  дәстүрлі форумның қажеттігін айтты. Оның айтуынша, шаралар жыл сайын ең өзекті деген мәселелерді талқылайды.

«Біз не үшін бұл жауапкершілікті өзіміздің мойынымызға алдық? Қазақстанның экономикасы бір қалыпты, әр сала бойынша белсенді дамуда. Біз енді индустриалды дамудың керісінше жолын қарастырудамыз», - деп Үкімет басшысы атап өтті.

Ол атап өткендей, оған экожүйенің бұзылуы, ресурстардың ескіруі, энергиялық және сулы инфрақұрылымның жаңғыртылуы жатады.

Қазақстанда аталмыш бағытты жүзеге асыру үшін бірінші қадам жасалды.

«Екінші қадамды да жасадық. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу Концепциялық жоспарын әзірледік», - деп С.Ахметов атап өтті.

Серік Ахметов атап өткендей, аймақтық экожүйелер соншалықты бірге олар бір-бірінің қызметіне жұмыс істейді. Бұл барлық орталық Азияның проблемасы болып табылады.

«Біз сол үшінде тағы бір маңызды қадамды жасауды ұсынып отырмыз. «Жасыл өткелді» жүзеге асыру үшін біз көрші елдерді қосуды жоспарлап отырмыз»,-деді Үкімет басшысы.

Бағдарламаның алдында шешімін табуы керек көптеген мәселелер тұр. Мысалға,энергиялық тиімділік, энергия үнемдеу, жаңартылатын энергияны дамыту мен ылғалсақтаушы технологиялар.

Бұдан бөлек, аталмыш бағдарлама таза технологияларды игеру мен дамытудың халықаралық салымшысы және аймақтық координаторы ретінде де үлкен рөлге ие.Сонымен қатар «жасыл» экономиканың тұрақты өсіміндегі басты салалардың экономикалық негізделген жобаларын инвестициялаудың жолы да болып табылады.

«Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасыны «жасыл» экономикаға өтудің негізгі механизмі. Ол үшін Еуропа, Азия мен Тынық мұхиты мемлекетерінің, халықаралық ұйымдары мен қоғамдардың және бизнес секторының біріге отырып жұмыс атқаруы керек. Өздеріңізге белгілі, конференцияда «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы шеңберінде құжаттарға қол қойылу жоспарланған.

 

 




Яндекс.Метрика