Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан халқы Тәуелсіздік күнін мақтанышпен қарсы алады – Сақыпбеков

Көпұлтты елімізде халқымыз Тәуелсіздік күні үлкен мақтанышпен қарсы алады, дейді Жамбыл облысы Сарысу ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жұмат Сақыпбеков Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Казахстан26 Желтоксан , 15:38

«Бұл біздің мемлекетіміздің еркіндігі мен кеңдігін бейнелейтін атаулы күн. Тәуелсіздік алған уақыттан бергі 23 жыл ішінде халқымыз ұлы Қазақстан тарихын жаңаша құрып, жаңа жетістіктер мен жасампаздықтарға қадам басуда. Жаңа мемлекетті құра отырып қазақстандықтар жаңа өмір бастап, жаңаша арманға қол жеткізді», - дейді ол.

Мемлекет басшысының осынау ұлық күнде халыққа айтқан сөзінде: «Ішкі және сыртқы саясатта жүргізіп жатқан көрегенді саясатымыз халқымыздың даналығынан бастау алады. Бұл достық, барлық қазақстандықтардың қолдау табуы мен бірлігі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы барлық мәселелердің шешімі. Тәуелсіздік – баршамыздың еңбегіміздің жемісі. Ол оқушылар мен студенттердің ғылым жолындағы ізденісі мен ұлттық әл-ауқытта көтеруге бағытталған күллі кәсіп иелерінің маңдай тері» деп айтқан болатын.

Кәсіпкерлік бөлімі басшысының айтуынша, заманауи Қазақстан – әлемдік аренада үлкен беделге ие мемлекет. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған елдердің қатаруын мақсат еткен Елбасының стартегиялық жоспарларынан айқын аңғарылады. «Біздің тәуелсіздік рухымыз отандастырымыздың басын қосатын бірден бір құндылық. Ол қуатты экономикамен, жаңа индустриялдық жобалармен, әрбір жаңа магистральдермен беки түседі», - дейді ол.




Яндекс.Метрика