ҚР ИИДМБ

Қостанайда ҮИИД МБ аясында бірегей зертхана іске қосылды

Қостанайда "Технологиялық процестерді моделдеу және қолдану" инновациялық зертханасы іске қосылды, онда ғылыми ой тәжірибеге асады, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Қостанай26 Желтоксан , 10:48

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақта көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Бұл зертхананы қостанайлықтар Челябі облысының Оңтүстік - Орал мемлекеттік университетінің тәжірибесіне сүйене отырып ҚИнЭУ-де ашты.

Зертхананы жасақтаудың алғашқы кезеңі - темірді өңдейтін және оқу процесіне қажет инновациялық құрал-жабдықтарды  сатып алу. 

Министрліктен атап өткендей, бастапқы кезеңде студенттер КОМПАС бағдарламасы шеңберінде 3 кезеңде  бөлшектің үлгісін жасауды үйренеді.  Білімін жетілдіріп алған соң «ақылды» станоктарға бағдарлама жасауға көшеді. Бұдан кейін бұл бағдарламалар металлды өңдейтін станокқа енгізіліп, ол  дайын бөлшекті жасап шығарады. Осылайша идеядан жаңа нағыз металл бөлшек пайда болады.

Екінші кезеңде зертханада өз инновациялық өнімін шығару жоспарланған.  Ол Қостанай облысындағы Индустрияландыру картасын жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бұдан басқа, зертханада токарьлар үшін біліктілігін арттыру курстары жүргізіледі. 




Яндекс.Метрика