ҚР ИИДМБ

Павлодар облысында қуаттылығы 47 тоннадан асатын полипропилен цехі ашылды

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ҮИИД МБ алғашқы бесжылдығы және осы бағдарламаның 2014 жылғы қорытындыларына арналған отырыста Павлодар облысында «Хлор және күйдіргіш сода өндіру зауыты» («Каустик» АҚ), «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС жанынан «Түйіршіктелген полипропилен өндірісі» ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар26 Желтоксан , 10:33

Хлор және күйдіргіш сода өндіру зауыты 2008-2010 жылдары салынған болатын. Бүгіннен бастап зауыт толық қуатына енді. Жобаны іске асыруға 16,2 млрд. теңге инвестиций бөлінді.

Бұл зауыт жылына өндіріс пен тұрмысқа қажетті мынадай химиялық өнімдер шығаруға қауқарлы: күйдіргіш сода – 30 000 тонна, натрий гипохлориті – 6 600 тонна, хлор - 26 457 тонна, тұз қышқылы – 45 000 тонна.

Мұндай зауыт елімізді бұрын-соңды болмаған. Зауыт әлемдік деңгейдегі сода мен хлор шығаратын жаңа мембранды технология бойынша жұмыс жасайды. Ал мембранды технология өндірістің экологиялық қауіпсіздігі мен электр қуатын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Химиялық сұйықтықты еліміз осы күнге дейін шетелден импорттап келген болатын. Зауыттың толық күшінде жұмыс жасауымен отандық өнеркәсіптер мен ел нарығына қажетті хлор мен сода өнімдерін павлодарлық кәсіпорын толықтай жабатын болды.

Осы  жылдың 11 айында зауыт 25851 тонна күйдіргіш сода, 17633 тонна хлор, 35849 тонна тұз қышқылын, 2471 тонна натрий гипохлоритін шығарды.

Түйіршіктелген полипропилен өндіру зауыты 2013-2014 жылдары қолға алынған еді. Бөлінген инвестиция көлемі 6 млрд теңге. Жобаның қуаты 50 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндіру.

Аталмыш жаңа зауыт шығаратын өнім отандық көлік және тұрмыстық техника өндірісі, сонымен қатар медицина саласында кеңінен қолданылады.

Инновациялық технологиямен өндірілетін өнімге Ресей, Қытай мен Түркия елдері қызығушылық танытып отыр. Осы мәселеге байланысты олармен келіссөздер де жүргізіліп жатыр.


 




Яндекс.Метрика