Өңірлер

ҚР ҚМ және ҚК қызметкерлерінің кәсіподағы 2015-2017 жылдарға арналған салалық тарифтік келісімге қол қойды

Астанада Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер қызметкерлері кәсіподағының арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған салалық тарифтік келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 10:05

Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров тең дәрежедегі өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында еңбек тәртібін айтарлықтай арттырып, еңбек ұжымдарындағы, әсіресе азаматтық персоналы басым ұжымдарда орнықты моральдық-адамгершілік ахуалды сақтау мүмкін болғанын хабарлады.

Құрамалардағы, бөлімдердегі, мекемелердегі, ұйымдардағы кәсіподақ комитеттері өз мүшелерінің әлеуметтік проблемаларын шешуге белсенді түрде қатысып, туындаған қиындықтарды жеңу жөнінде белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келе жатқанын атап өткен жөн.

Қарулы Күштер жұмыскерлері кәсіподағының төрағасы Александр Жируев бірлескен жұмыс үшін алғысын білдіріп, Қорғаныс министрлігі басшылығының жұмысшылар мен қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға, соның ішінде еңбекақыны уақтылы және толық төлеу, медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне көп күш салып келе жатқанын, бұның жалпы Қарулы Күштердің беделіне оң ықпал ететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қарулы Күштері қызметкерлерінің кәсіподағы 12,5 мың адам мүше. ҚР заңнамасына сәйкес өңірлер мен гарнизондардың 11 біріккен кәсіподақ ұйымдары, 209 бастауыш кәсіподақ ұйымдары тіркелген.
 




Яндекс.Метрика