Адами капитал

Ақмола облысының 24 қоғамдық Отан Даңқы музейі наградалармен марапатталды

Көкшетауда Ақмола облысының «Туған жер» Отан Даңқы қоғамдық музейлері байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Ақмола26 Желтоксан , 16:08

Шара елдің «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізіндегі Қазақстан Республикасы жастарын ұзақмерзімді мақсатты патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Байқауға 200-ден астам қоғамдық музей мен музей типтес құрылымдар, мәдениет ұйымдары,меншік түрін тәуелсіз білім, спорт жүйелері,  балалар, жастар, ардагерлердің қоғамдық құрылымдары, ҮЕҰ, ұлттық мәдениет орталықтары, қоғамдық музейлердің барлық тілек білдіруші құрылтайшылары қатысты.

Айта кету керек, байқау екі кезеңмен іске асты. Оның жеңімпаздары ретінде түрлі аталымдар бойынша топ жарған Ақмола облысының 24 қоғамдық муезйі іріктеліп алынды.

Байқаудың барлық қатысушылары түрлі дипломдармен, арнайы төсбелгілермен, құнды сыйлықтармен, алғыс хат және мақтау қағаздарымен, сертификаттармен марапатталды.

Ұлы Отан соғысы 70 жылдығына, Тың игерудің 60 жылдығына, Қазақстан Республикасындағы халықтар достығы мен өскелең ұрпақтың мемелкет пен қоғам өміріне араласуына арналған тақырыптық материалдар қаралды.




Яндекс.Метрика