Адами капитал

Қазақстандық десантшылар «Бүркіт-2» жаңа жүйесін игеруде (Фото)

Қапшағайдағы 32363 әскери бөлімінің базасында әуе десанты даярлығы мамандарының онкүндік жиыны өтіп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Алматы 26 Желтоксан, 09:17

Нұсқаушы офицерлердің даярлығы жөніндегі жоспарлы шараға «Қазбат» бітімгершілік батальоны мен Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты бірнеше бөлімдердің әскери қызметшілері қатысуда.

Жиын барысында әуе десанты даярлығының мамандары «Бүркіт-2» деп аталатын жаңа парашюттік жүйені меңгерулері керек. Бұл жүйе арнайы мақсаттағы күштер мен барлау бөлімшелеріне арналған. Сонымен қатар, авиациалық көліктің барлық түрінде қолданылады.

Жиын жетекшісі полковник Виктор Житник шараның нәтиже беретініне сенімді. Себебі, жиынға қатысушылар өздеріне қойылған міндеттерді орындауға, кәсібилігін арттыруға және әскери қызметшілердің әуе десанты даярлығын тиісті деңгейде қамтамасыз етуге даяр.

Биыл Аэроұтқыр әскерлері «Бүркіт-2» жүйесінің жүзден астам жиынтығын алды. Жиыннан соң мамандар (олардың үздіктеріне «Әуе десанты даярлығының нұсқаушысы» атағы беріледі) әскери қызметшілерді парашют ісінің қажетті дағдыларына оқытатын болады.

 





Яндекс.Метрика