Жасыл даму 2050

«Жасыл өткел» бағдарламасы жаңа технология ұстанымы кез келген адамға ашық

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов «Жасыл өткел» бағдарламасын іске асыру үшін барша елді бірігуге шақырып, бағдарламаның инноваторларға ашық екенін мәлімдеді.
Казахстан30 Қыркүйек , 11:45

«Қазіргі кез келген мәселенің жаһандық сипат алған уақытында экожүйеден бөлек, жеке-дара шеше алмаймыз», - деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, аймақтық экожүйелердің бір-бірімен тығыз байланысты болғаны соншалық, ішкі мәселелер Орталық Азия мен жалпы аймақтың мәселесі, сонымен қатар, аймақтың қиындығы ел ішінде де мәселелер тудырмақ.

«Сол үшін біз көршілерімізді «Жасыл өткел» бағдарламасы аясында бірігуге шақырамыз», - деді Үкімет басшысы.

Бағдарламаның алдында шешімін табуы керек көптеген мәселелер тұр. Мысалға, энергиялық тиімділік,энергия үнемдеу, жаңартылатын энергияны дамыту мен ылғалсақтаушы технологиялар.

«осының барлығы орындалған жағдайда мемлекет экономикасы өркендеп, нәтижесінде азаматтардың әеуметтік жағдайы да жақсаратынына көзіміз жетті», - деді С.Ахметов.

«Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы болашақта тұрақты дамуды ойлайтыны баршаға ашық. Және де біз жаңа технологиялар мен тәжірбие алмасып, кеңес беремін дегендерді күтеміз»,- деді Премьер-министр.

 




Яндекс.Метрика