Парламент

Сенат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енген түзетулерді қарады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 26 Желтоксан, 09:01

Заң жобасымен жаңа мәтіндегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс қабылданған кезде Парламентте қаралып жатқан ел заңдарымен осы кодекстің ережелері сәйкестендіріледі.

Заң жобасының қабылдануы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесінің әкімшілік құқық бұзушылықтардан тиімді қорғауды қамтамасыз етеді, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімділігін арттырады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.





Яндекс.Метрика