ҚР ИИДМБ

Индустрияландырудың I бесжылдығы дағдарысқа қарсы әрекет етудің сәтті тәжірибесі

Индустрияландырудың I бесжылдығы жаһандық экономикалық құлдырау кезіндегі дағдарысқа қарсы әрекет етудің сәтті тәжірибесі, деді Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 17:20

«Біз экономика құрылымын айтарлықтай өзгертіп, экономика салаларын әртараптандыруды айтып қана қоймай, оны іспен де дәлелдедік. Бірінші бесжылдықта елдегі өңдеуші сектор тәуелсіздік алған жылдардан бергі Қазақстан экономикасына салынған барлық шетелдік инвестиция көлемінің 70 пайызын алып отыр. Барлығы 770 жаңа кәсіпорын ашылып, онда 75 мыңнан астам адамға жаңа жұмыс берілді. Олар жоғары білікті мамандық иелері. Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 60 пайызға артты. Әрбір жұмыскер жыл сайын орта есеппен 20 мыңнан астам доллардың өнімін өндіруде. Тау-кен өңдеу саласының жалпы көлемі 16,5% төмендеді. Бес жыл ішінде Қазақстанның өнеркәсіп саласы жаңаша сипат алып, қазіргі таңда Қазақстандағы индустрия саласында еңбек ететін халық саны 1 млн-нан асады», - дейді Н.Назарбаев.

Жалпы, Мемлекет басшысының айтуынша, Индустрияландырудың I бесжылдығы дағдарысқа қарсы әрекет етудің сәтті тәжірибесі.

Сонымен қатар, Елбасы жаһандық дағдарыстың қиын кезеңіндегі қазақстандық экономика өз тиімділігін танытқанын тілге тиек етті.

«Жаһандық дағдарыстың қиын жағдайларына қарамастан, Қазақстанның экономикасы тиімділігін байқатып отыр. Еліміздегі саясаттың арқасында ең қиын деген 2007-2009 жылдары біз экономика өсімінің төмендеуіне жол бермедік. Алдағы уақытта да осы жолымыздан таймай, қиындықтарға төтеп береміз деп ойлаймын», - деді Елбасы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика