Ұлттың денсаулығы

С.Қайырбекова: Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру денсаулық сақтау жүйесі үшін басым бағыттардың бірі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекова Жамбыл облысына жұмыс сапары шеңберінде Тараз қаласында ана мен нәрестелер өлімін, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту үшін жедел шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың көшпелі отырысын өткізді, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Жамбыл25 Желтоксан , 16:37

Жиынға еліміздің оңтүстік өңірлері: Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары және Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері, Акушерлік, гинекология және перинотология ғылыми орталығы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің басшылары жиналды. Қалған өңірлер селекторлық режімде қатысты.

Штаб отырысында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында орын алған аналар және нәрестелер өлімі жағдайлары қаралды.   

Аналар өлім-жітімі оқиғалары орын алған өңірлер жетекшілері, перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың бас дәрігерлері медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жасалып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.  

Салидат Қайырбекова БҰҰ Мыңжылдықтың даму мақсаттарына жету және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру денсаулық сақтау жүйесі үшін басым бағыттардың бірі екенін алға тартты.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шақыруымен, қазір Қазақстанда аналар өлім-жітімі көрсеткіштерін бағалау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық тәуелсіз сарапшылар тобы жұмыс істеп жатыр»,-деді С.Қайырбекова.    

Бірінші вице-министр соңғы жылдары елімізде бұл салада ауқымды жұмыстар атқарылып, көрсеткіштер елеулі түрде жақсарғанын атап өтті. Перзентханалар мен балаларды емдеу ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау жақсарты, тиімді халықаралық технологиялар, диагностикалау мен емдеу стандарттары мен хаттамалары енгізілуде.

Ана мен бала денсаулығын қорғау қызметіне жасалған сараптама алғашқы көмек буыны белсенді жұмыс істей бастағанын көрсеткен. Тәуекелі жоғары әйелдерді уақтылы емдеуге жатқызу барлық жерде жолға қойылды. 

Сонымен қатар, елімізде балалар мен аналар өлімінің төмендеуіне жүкті әйелдерді тәулік бойы мониторингілеу жүйесінің енгізілуі және тарифке енгізілген қаражат есебінен дәрігерлердің біліктілігін арттыру оң септігін тигізді. 

Соңғы 5 жылда елімізде аналар өлімі 3 есеге, нәрестелер өлімі 1,5 есеге азайды. «Қазақстандықтардың ортама өмір сүру ұзақтығын арттыруға және өлім-жітімді азайтуға мүмкіндіктеріміз бен әлеуетіміз бар. Ең алдымен, ол сектораралық өзара іс-әрекеттестікке қатысты, өйткені, адам денсаулығы 70-80% оның өмір сүру салты мен қоршаған ортасына байланысты»-деді бірінші вице-министр.   

Жұмыс сапары аясында Салидат Қайырбекова сондай-ақ, бірқатар медициналық ұйымдарда: облыстық балалар ауруханасында, облыстық перинаталдық орталықта, бірқатар емханаларда және облыстық және қалалық балалар ауруханасында болып, медициналдық қызметкерлермен және азаматтармен кездесті.  

                                




Яндекс.Метрика