Адами капитал

1700 алматылық бүлдіршін қала әкімінен сыйлық алды

Бүгін Қазақ мемлекеттік циркінің шаңырағында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың атынан дәстүрлі Жаңа жылдық шырша өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы25 Желтоксан , 19:57

Жаңа жылдық мерекеге 1700 кішкентай алматылық қатысты, олар - оқу озаттары, тұрмысы төмен отбасылар балалары мен жетімдер.

Қала басшысы Жаңа жылдың әр адамның, әсіресе балалардың өмірінде ерекше мәнге ие екендігін атап өтті. Әкім мегаполисте өскелең жас ұрпақтың жан-жақты дамуы барысында жүзеге асып жатқан ауқымды жұмыстарды айтты.

«Алматы қаржы-экономикалық, ғылым-білім, мәдени-спорт орталығы болып табылады. Еліміздің өміріндегі осынау тарихи рөлге сай болу үшін біз сіздермен көп оқуға, көп еңбектенуге, білгенімізді үнемі жетілдіріп отыруға тиіспіз. Соңғы 5 жыл ішінде қалада 95 білім нысаны салынды.Сендердің қазіргі заманға лайық сапалы білім алуларың үшін олардың барлығы қажетті құралдармен жабдықталған», - деді Ахметжан Есімов.

«Жаңа жылдық көк ешкі түсі» цирктік ертегі» қойылымында клоундар, әуе акробаттары және басқалары өнер көрсетті.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов мерекелік қойылым соңында балаларға мықты денсаулық, баянды бақыт, оқуда табыс тіледі. Әрбір бала Алматы әкімінің атынан Жаңа жылдық сыйлық алды.




Яндекс.Метрика