Өңірлер

Қазақстанда 39,2 млрд. теңгенің 3829 нысаны жария етілді - Қаржы министрлігі

Қазақстанда сомасы 39,2 млрд. теңгеге 3829 нысан жария етілді, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігі.
Казахстан25 Желтоксан , 16:07

Хабарланғандай, Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 115,0 млрд.теңге мүлікті жария етуге 15 237 өтініш; сомасы 84,3 млрд. теңге 11 877 тұрғын үй объектісі;сомасы 29,2 млрд. теңге 7 658 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 16,4 млрд.теңгеге 1 431  коммерциялық объект;сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 20 қатысу үлесі;сомасы 0,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

ҚР тысқары жердегі мүлікті жария етуге арналған өтініштер салық органдарына 24.12.2014  жағдай бойынша келіп түскен жоқ.

«Мүлікті жария етуге арналған бұрынғыдай өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы алда келе жатыр (5060 және 3109 тиісінше). Азаматтардың белсендігі бойынша үшінші орынды Ақтөбе облысы алды (1239 өтініштер). Азаматтардың белсендігі бойынша соңғы орынды Батыс Қазақстан облысы алып отыр - барлығы 99 өтініш», - делінген хабарламада.

ҚР ҰБ есебінің деректері бойынша екінші деңгейлі банктермен 23.12.2014ж  жағдай бойынша жалпы сомасы 8,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге 44 жинақтаушы шоттар ашылды, оның ішінде бюджетке 307,1 млн.теңге ақшаны жария ету үшін алым төлей отырып, жинақтаушы шоттардан 2,8 млрд.теңге алынды. ҚР экономикасына 2,8 млрд   теңге инвестицияланды.




Яндекс.Метрика