Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенкомен екі жақты келіссөздер жүргізеді

3-4 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келетін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен екіжақты келіссөздер жүргізеді.
Казахстан30 Қыркүйек , 11:35

Келіссөздер кезінде мемлекет басшылары сауда-экономикалық және индустриялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі өнеркәсіп кооперациясын талқылайды.

Сонымен қатар, посткеңестік кеңістіктегі, бірінші кезекте, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді дамыту барысы талқыланатын болады. Бұған қоса, мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесіне және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Беларусь Президентінің алдағы сапары мемлекеттердің екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастығын нығайтуға және жаңа серпін беруге арналған, сондай-ақ өзекті халықаралық проблемалар жөніндегі ұстанымдарын айқындауға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика