Адами капитал

Президент үздік инноваторларға мемлекеттік сыйлық тағайындауды тапсырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтың қорытындысы» жалпыұлттық телекөпір барысында үздік инноваторларға арналған мемлекеттік сыйлық тағайындауды тапсырды.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 15:41

«Таяуда Алматыда мен арнайы инновацияны қолға алдым. Біздің өзімізде жасампаздарымыз мол, бірақ оларға мән беріп жатқан жоқпыз. Олар коммерцияланған кезде, өндіріске енгізілгенде, оны назарда ұстау керек. Қазір енді Үкіметпен бірлесіп инноваторларды ынталандыру жағын ойластыру керек. Инноватор  - қазірде жаңа кәсіп түрі. Инноваторларсыз инновация болмайды. Үздік инноваторларға арналған мемлекеттік сыйлық тағайындайық», - деді Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, ел ішінде ғылым мен инновацияға қолдау көрсетуіміз тиіс. «Инновация барлық жерде қолға алынуы керек. Инноваторлар барлық жерде қолдау тауып, елге үлгі етілгені жөн», - деді Мемлекет басшысы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика