ҚР ИИДМБ

Индустрияландыру бағдарламасы 30-дан 50 мыңға дейін жұмыс орнын ашуы керек– Президент

Индустрияландыру бағдарламасы 30-дан 50 мыңға дейін жұмыс орнын ашуы керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 15:25

«Қазақстан экономикасының 6 пайыз өсімін қамтамасыз ету үшін бізге 10 мың жұмыс орнын ашу қажет. Өңдеу индустриясы 80 пайыз жоғары кәсіптік қызметті қажет етеді. Оның ішінде, ірі өндіріс – 20 пайызын ғана құрайды. Олар үнемі қысқарту жасап отырады, себебі өнімнің өнімділігі  мен бәсекелестігін  арттыру қажет», - деді Елбасы Н.Назарбаев  «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтың нәтижелері» жалпыұлттық телекөпір барысында.

Н.Назарбаев атап өткендей, индустриядағы 1 жұмысшы қызмет көрсету саласында 3-5 жұмыс орнын бірден қамтиды.

Президент атап өткендей, индустрияландыру бағдарламасы міндетті түрде 30-дан 50 мыңға дейін жұмыс орнын ашып отыруы керек. «Үкімет пен әкімдер осы бағытта жұмысты белсенділету қажет», - деді Н.Назарбаев.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика