Адами капитал

Н.Назарбаев Еңбек Даңқы орденін бекітті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтың нәтижелері» жалпыұлттық телекөпір барысында Еңбек Даңқы орденін бекітті.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 15:09

«Біз еңбектің еліміз. Біздің мақсатымыз барлығын жұмыспен қамту. Өйткені біздің мемлекет, Үкімет, Парламент, бұқаралық ақпарат құралдары еңбек адамын тәрбиелеп шығаруы керек. Сол себепті мен үш деңгейден тұратын арнайы Еңбек Даңқы орденін бекітпекшімін. Үш деңгейді де иеленген адам Еңбек Ерімен теңеседі. Бұл атақ тек көзге түскен жұмысшылар мен шаруаларға, еңбек әулеттеріне беріледі. Біздің тұтынатын барлық заттарымыз жұмысшылардың еңбектерімен келеді. Адамның абыройын көтеретін де еңбек. Барша әлем, біздің ел еңбекке сүйенген», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президенттің айтуынша, 21 ғасырдың жүйелі мәселелерінің бірі – халық санының артуымен жұмыс орны тапшылығының да өсуі.

«Жер бетінде қазіргі таңда 7 млрд адам бар. Ал 15 жастан бастап еңбек еткісі келетіндер саны 5 млрд-ты құрайды. Ал жер бетінде жалпы саны 1,5 млрд жұмысшы орны бар. Әлемнің бар айналысып жатқаны қазір еңбек. Ең дамыған 30 елдің қатарына ену үшін біз осы мәселені оңтайлы шешуіміз керек. Қазақстан экономикасының 6 пайыздық өсіміне қол жеткізу үшін біздің 10 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашамыз. Ал облыс орталықтарына кіреберісте менің емес, өткен кезеңде қанша жаңа жұмыс орны ашылды, сол туралы мәліметтерді іліп қою керек. Мен осыны талап етемін. Бұқаралық ақпарат құралдары осынау көрсеткіштерді елге жеткізу керек», - деді Елбасы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика