Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Президент өңдеу зауыттарының құрылысына трансұлттық корпорацияларды тартуды тапсырды

Елбасы Индустрияландыру күні аясындағы «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтың нәтижелері» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Үкіметке өңдеу зауыттарының құрылысына трансұлттық корпорацияларды тартуды тапсырды.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 14:57

«Бүгін Үкіметке Қазақстанға кем дегенде тағы  5 ірі трансұлттық корпорацияны тартуды тапсырамын. Олар 5 өңдеу зауытының құрылысына атсалысуы керек», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Премьер-Министрдің Қытай Халық Республикасына барған жұмыс сапарында Қазақстанда ондаған өңдеу кәсіпорнын салу келісімі жүзеге асты.

«Біз Павлодарда  алюмений зауытының екінші кезегін салу керекпіз. Сапалы кен өндіретін металлургия құрылысын Қостанайда немесе Рудныйда салу қажет. Бізге бәрібір  жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек, өз мұнайымызды өзіміз өңдеу керекпіз. Мұнай газ саласында да бірқатар ірі кәсіпорындарды салу қажеттілігі тұр, олар қымбат 6-8 млрд долларға тең. Бұл барлық химиялық өнімді сапқа келтіреді», - деді Президент.

Сондай-ақ,Қазақстанда жаңа мыс қорытатын комбинат салу қажет. «Тапсырмалар мен міндеттер өте көп. Индустрия осы жолмен дамуы тиіс. Біріншіден, бізде шикізат бар, екіншіден, тұтынушы да бар», - деді Мемлекет басшысы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика