Халықаралық интеграция

«Сүйінбай сазы» фольклорлық этнографиялық тобының өнері Мысыр тұрғындарын тәнті етті

Әл-Файюм қаласында Мысыр Мәдениет министрлігі және Әл-Файюм провинциясы Губернаторының қолдауымен Халық музыкасының халықаралық фестивальі өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде25 Желтоксан , 19:26

Бұл фестивальге Қазақстанның, Үндістанның, Испанияның, Бангладештің, Оңтүстік Суданның, Мысырдың және тағы басқа елдердің творчестволық ұжымдары қатысты.

Қазақстан атынан бұл мәдени шарада Алматы облыстық «Сүйінбай сазы» фольклорлық этнографиялық тобының әртістері өнер көрсетті.

Сонымен қатар, еліміздің Мысырдағы Елшілігінің ұйымдастыруымен аталмыш топ әртістері ү.ж. 24 желтоқсанда Каир қаласының ең көрнекті, жүз жылдық тарихы бар мәдени ескерткіштерінің бірі - Араб музыкасы театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және Тұңғыш Президенті күнін атап өту іс-шаралары шеңберінде арнайы концерт қойды.

«Сүйінбай сазы» тобының қойылымы Мысыр жұртшылығы, Каирде орналасқан шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, ыстық ықыласқа ие болды. Іс-шара соңында еліміздің Мысырдағы Елшісі Берік Арын осы театрда орналасқан ұлттық музыкалық аспаптар музейіне қазақтың ең басты музыкалық аспабы - домбыраны тарту етті.

Жалпы қазақстандық әртістердің концерті жергілікті қауымды халқымыздың музыкалық дәстүрімен және өнерімен таныстыруға зор септігін тигізді.

 




Яндекс.Метрика