Өңірлер

«Парыз» байқауында ҚР Президентінің «Гран-Приін» «Қазгермұнай» компаниясы жеңіп алды

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауында Қазақстан Республикасы Президентінің «Гран-Приін» «Қазгермұнай» БК» ЖШС жеңіп алды.
Нұр-Сұлтан 25 Желтоксан, 14:31

«Қазгермұнай»БК»ЖШС - Қазақстанның мұнай өндіретін ірі компанияларының бірі. Компания өз қызметін Ақшабұлақ, Нұралы кенорындары мен Қызылорда облысындағы Ақсай Оңтүстік - Торғай ойпатында жүзеге асырады.

«Қазгермұнай»БК»ЖШС 2008 жылы 3 млн тонна мұнай өндірді, бүгінде бұл көрсеткіш 3,100 млн тоннаға жетті. Бұл өз кезегінде «Қазгермұнай»БК»ЖШС Қызылорда облысындағы аталмыш саладағы ең ірі  кәсіпорын атануына және Қазақстандағы ірі ондыққа кіруіне мүмкіндік беріп отыр.

Байқаудың жоғары наградасы «Парыз» Гран-Приі» әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік тұрғысында жетістігі ең жоғары үміткерге беріледі.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика