Инвестициялар

ҚР Президенті: Қазақстандағы шетелдік инвестицияның 70 пайызы өңдеуші секторға тиесілі

Қазақстандағы шетелдік инвестицияның 70 пайызы өңдеуші секторға тиесілі, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев Индустрияландыру күні аясындағы «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтың нәтижелері» атты жалпыхалықтық телекөпір барысында.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 14:16

«Бірінші бесжылдықта елдегі өңдеуші сектор тәуелсіздік алған жылдардан бергі Қазақстан экономикасына салынған барлық шетелдік инвестиция көлемінің 70 пайызын алып отыр. Барлығы 770 жаңа кәсіпорын ашылып, онда 75 мыңнан астам адамға жаңа жұмыс берілді. Олар жоғары білікті мамандық иелері», - дейді Мемлекет басшысы.

Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 60 пайызға артты. Әрбір жұмыскер жыл сайын орта есеппен 20 мыңнан астам доллардың өнімін өндіруде.  

«Тау-кен өңдеу саласының жалпы көлемі 16,5% төмендеді. Бес жыл ішінде Қазақстанның өнеркәсіп саласы жаңаша сипат алып, қазіргі таңда Қазақстандағы индустрия саласында еңбек ететін халық саны 1 млн-нан асады», - дейді Н.Назарбаев.

Жалпы, Елбасының айтуынша, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жаһандық экономиканың келеңсіздіктеріне дағдарысқа қарсы сәтті әрекет ету тәжірибесін ұсынды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика