Адами капитал

ҚР-да ертегілер мен аңыздарды жариялайтын сайт ашылды

Бүгін қазақ халқының негізгі құндылықтары — ертегілер мен аңыздардың жаңғыруына ұйытқы болған «Aray Media Group» студиясының бастауымен «Жұлдызды аңыз-ертегілер» атты сайттың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады «Нұр Отанның» баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 18:56

www.ertegiler.kz желісі — еліміздің өнер шеберлерінің қатысуымен дайындаған қазақтың халық ертегілері мен аңыздарының бірегей аудио-нұсқасынан тұрады. Желінің бетпердесі үлкен мен кішіге де өте түсінікті әрі ыңғайлы жасалған.

 Әр жұлдыздың астында онлайн тыңдау, жүктеп алу немесе мобильдік қосымша арқылы жүктеуге арналған батырма бар.  Қазір өңделген он екі ертегі бар, жаңа жылға дейін барлығы 24 аңыз-ертегі шығады. Itunes-тан подкаст арқылы, немесе сайттан тікелей жүктеп алуға болады.

«Мобильдік қосымша қаңтар айынан бастап әске қосылады. Енді өзіңізге ұнаған ертегіні жүктеп алуға мүмкіндік болады. Бұл жоба - бүлдіршіндер үшін жаңа жылдық сыйлық болатынына сенім артамыз», дейді бастама авторы «Aray Media Group» студиясының өкілдері.

Жоба «Нұр Отан» партиясының «Балалық шақ» атты бағдарламасы аясында жарық көрді. Сонымен қатар, бастаманы қолдаған «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қоры».

Жобаға атсалысқан барлық жұлдыздар ерекше бастамаға қызығушылық танытып, ақысыз қатысқанын атап өту керек. Әзіл-ысқақ театрының әртісі Тұрсынбек Қабатов екі ертегіні оқып болған соң өз ойымен бөлісті.

«Мен «әзіл-шыны аралас ертегіні оқып отырып, мұны бала кезде тыңдағанымды еске түсірдім. Үйде төрт балама міндетті түрде айтып беремін. Бала ертегі тыңдап өссе, оның ертеңгі күні жақсы болатынына кепілдік туады», - деді ол.




Яндекс.Метрика