Инфрақұрылымның дамуы

Мұнай мен газ бағасы төмендеп жатқан дағдарыс жағдайында жаңа МӨЗ салу керек - Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан «Қазақстанның жаңа индустрияландыруы: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижелері» жалпыұлттық телекөпірінде елімізде жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек деп сендірді.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 13:52

«Дамығын 30 елдің қатырына кіру жолында құрылыс индустриясы, мұнай  мен газды терең өңдеу маңызды міндеттердің бірі. Дағдарыс және мұнай мен газдың бағасы төмендеп жатқан жағдайда бұл қиындықтан шығудың бірден бір жолы. Біз  бәрібір де жаңа мұнай өңдеу зауытын салуымыз керек. Дайын өнімді көптеп шығаруға тиістіміз», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы телекөпір аясында хош иісті көмірсутегі өндірісін іске қосу туралы хабарлады.

Осы ретте,  «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры  Қайрат Оразбаев  аталмыш жобаны жүзеге асыру сыртқы ортаға тигізетін зиянды төмендетуге мүкіндік беретінін атап өтті.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика