Энергияның балама көздерін дамыту

Жамбыл облысындағы ЖЭС-тің 12 жел генераторы 2015 жылдың 3 тоқсанында пайдалануға беріледі

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Қазақстанның жаңа индустрияландыруы: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижелері» жалпыұлттық телекөпір барысында Жамбыл облысындағы қуаты 21 МВт жел электр станциясы құрылысының бірінші кезеңі аяқталып болғандығы мәлім болды.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 13:25

«ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында  компания Қордай асуында қуаттылығы 21 МВт жел электрстанциясын салуда. Бүгінгі таңда құрылыстың бірінші кезеңі аяқталып, 9 МВт қуаттылығын құрайтын  германдық  9 жел генераторының құрылысы аяқталды. ЖЭС-тің   12 жел генераторын 2015 жылдың 3 тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған», - деді «Vista International» ЖШС директоры.

 «Энергия 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қажетті факторлардың бірі. Жамбыл облысында салынып жатқан жел электр станцияларының тәжірибесін барлық өңірге тарату керек», - деп Елбасы бірінші кезеңді іске қосты.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика