Өңірлер

Қызылорда облысында 2014 жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасына қатысушылардың саны 7900-ге жетті

Қызылорда облысында биыл әлеуметтік нысандардың жөндеуіне 1,9 млрд теңге жұмсалды.
Қызылорда25 Желтоксан , 18:24

2014 жылы Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға 7,2 млрд теңге бөлінген, 7900-ге тарта адам бағдарлама қатысушысы атанды, оның жартысынан астамы – жастар, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты –инфақұрылым мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 2,4 млрд теңге қарастырылған еді», - делінген хабарламада.

45 жобаны жүзеге асыру аясында 350-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Қаражаттың басым бөлігі – 1,9 млрд теңгесі әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын жөндеу жөніндегі 38 жобаға бағытталды. Жеті ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына 535 млн теңге құйылған. 

Бағдарламаның екінші бағыты – кәсіпкерлік пен тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру бойынша биыл бөлінген 2,3 млрд теңге толығымен игерілді.

 




Яндекс.Метрика