Инвестициялар

Қазақстанның Даму Банкі 4G желісін кеңейту жобасын қаржыландырды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы - «Қазақстанның Даму Банкі» Ұлттық Қор қаражатынан қаржыландыруды бастады, деп хабарлады ҚДБ.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 17:54

««Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі - Банк, ҚДБ) «АЛТЕЛ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ еншілес ұйымы) бүкіл ел бойынша кеңжолақты 4G (LTE) мобильді интернетіне қатынауды енгізу жобасын жүзеге асыру мақсатында кредит желісін ашты. Жобаның құны 104,9 млрд теңгені құрайды, қажетті қаражаттың шамамен 35%-ын Қазақстанның Даму Банкі 10 жыл мерзімге дейін ұсынады, несие беру валютасы – теңге», - делінген хабарламада.

Бұл Қазақстанның Даму Банкі Ұлттық Қор қаражатынан қаржыландырған бірінші жоба. 4G желісін іске қосу және дамыту Қазақстанның барлық қалаларында және елді мекендерінде жоспарланады. Жоба екі кезеңге бөлінген: бірінші кезеңде (2018 жылға дейін) жаңа дәуірдің сымсыз байланысын барлық ірі қалаларға, сонымен қатар тұрғындар саны 50 000-нан асатын елді мекендерге енгізу; екінші кезең (2022 жылға дейін) – еліміздің барлық елді мекендерінде LTE/GSM/UMTS желілерін дамыту және LTE желісін енгізу жоспарланады.

Жобаны жүзеге асыру интернет желісінде деректерді 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен тасымалдау, жоғары және орта оқу орындарында электрондық білім алуды белсенді енгізу, сонымен қатар ағымды видео түсірілімдерді жоғары ажыратымдылықта көру мүмкіндігін береді.

 




Яндекс.Метрика