Адами капитал

«Мөңке» полигонында мотоатқыштар ротасы шабуыл дағдыларын пысықтады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 42062 әскери бөлімінің үшінші мотоатқыштар ротасы «Мөңке» полигонында өткен жоспарлы роталық-тактикалық оқу-жаттығуларында жақсы нәтижелер көрсетті, деп хабарлады ведомство.
Казахстан 25 Желтоксан, 18:09

Әскери қызметшілерге мүмкін болуы тиіс қарсылас үшін атыс шебінде көзге түспей позиция алып, шабуылдың қажетті машықтарын пысықтау тапсырылды.

42062 әскери бөлімінің командирі майор Бегімбет Тәжібаев: «жаттығуға қатысушылар взводтарды жауынгерлік үйлестіруге байланысты тәсілдерді тәжірибе жүзінде пысықтап, кәсіби шеберліктерін арттырды» дейді.

Ол, сондай-ақ, прапорщик Аман Әбдіров басқаратын гранатометшілер взводы мен капитан Олжас Жанаспаев басқаратын үшінші мотоатқыштар ротасының жеке құрамы арасында жақсы өзара іс-қимыл болғанын атап өтті.

 





Яндекс.Метрика