Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Білім берудің жаңа жүйесі – бәсекелестікті арттырады

Елбасы Қазақстан халқына арнаған қай Жолдауында да білім саласына аса мән беріп келеді. Биылғы Жолдауында апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту проблемаларын 2017 жылға дейін жою, ол үшін қосымша 70 миллиард теңге бөлу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Өйткені сапалы білім беру үшін жайлы мектеп пен оқытуға жағдай керек, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Ақтөбе қаласының №45 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Жолдасбаева.
Ақтөбе25 Желтоксан , 14:48

««Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауы елімізді дамыған 30 елдің қатарына апаратын бағыт-бағдар ретінде бағаланып отыр. Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру, білім мазмұнына жаңаша қарау — білім саласына түбегейлі өзгерістер енгізу ғана емес, ол алдыңғы қатарлы еуропалық мемлекеттермен иық тірестіретін жағдайға жету жолы деп білеміз», - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілетті, шығармашылық бағытта ізденетін азаматты тәрбиелеу арқылы ғана мемлекеттік мақсаттарға қол жеткізе алуға болады.

«Ақтөбе қаласындағы №45 орта мектепте мемлекеттік тұрғыда қойылып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда конструктивті оқытуға негізделген әлемдік тәсілдер арқылы мұғалімдерді оқыту курсы ұйымдастырылды. Курс жетекшілері Н.Байдрахманова мен К.Суликанова І және ІІ деңгейлік біліктілік курстарынан өткен ұстаздар. Олар ПШО ұсынған тренерлерге арналған нұсқаулығына сүйене отырып, мектеп мұғалімдеріне ІІІ деңгейлік курс бағдарламасы бойынша дәріс беруде. Курсқа қатысқан мұғалімдер 7 модуль мән мәтініндегі теориялық негізді меңгеріп, өз оқушылары үшін тиімдісін таңдайды», - деді Д.Жолдасбекова.

Елбасы Жолдауларында айтылатын білім сапасын көтеру міндеті, міне, осындай әдіс-тәсілдер арқылы біздің мектепте жүзеге асырылып жатыр.

 




Яндекс.Метрика