Өңірлер

Ақмола облысында бір жыл ішінде мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметке жүгінді

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы мыңнан астам кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында бизнесті бастауға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҰКП.
Ақмола25 Желтоксан , 12:17

«Сервистік қызмет тұтынған кәсіпкерлер саны 1000-нан асып жығылады. Оларға көрсетілген қызмет саны болса 1400-ден астам. Салыстыру үшін айта кетейік, өткен жылы сервистік қызмет тұтынған кәсіпкерлер саны 196 адам еді. Осыдан-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына бөлінген бюджеттік 100 пайыз игеріліп жатқанын көреміз», - деп хабарлайды ұлттық палата.

Айта кету керек, кәсіпкерлерге сервистік қызмет тегін көрсетіледі. 2014 жылдың шілде-желтоқсан айларында мына бағыттар бойынша қолдау көрсетілді: бухгалтерлік және салықтық есепті енгізу, сонымен қатар бірыңғай статистикалық есеп құру, заңгерлік қызмет көрсету, кедендік процедураларда көмектесу, ақпараттық технологияларға қолдау көрсету саласында кеңес беру, мемлекеттік сатып алуға қатысты қызметтер, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын игерушілерді сатып алу, маркетинг саласының қызметтері, менеджмент жүйесін енгізу процестерін толықтай сүйемелдеу мен кеңес беру.

Талдаудан байқағанымыздай, ең көп сұранысқа ие қызмет түрі заңгерлік, бухгалтерлік қызмет пен бизнес жоспар құру қызметтері.




Яндекс.Метрика