Үкімет

ҚР Үкіметі Елбасына Индустрияландырудың I бесжылдығының қорытындысы бойынша есеп береді

Бүгін Астанада Тәуелсіздік Сарайында үш іс-шараны біріктірген Индустрияландыру күні аясында ҚР Үкімет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Индустрияландырудың I бесжылдығының қорытындысы бойынша есеп береді , деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 10:51

Үкімет жылына екі рет жарты жылдықтардың қорытындылары бойынша Телекөпір түрінде ҮИИДБ шеңберінде атқарылған жұмыстарға есеп береді. Биылғы жылы индустриялық саясаттың алғашқы бесжылдығы аяқталады. Сондықтан желтоқсандағы Телекөпір тек  Индустрияландыру картасының 2014 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы инвестициялық жобаларының  пайдалануға берілген түсаукесерлеріне ғана емес, сонымен қатар, бесжылдықтың алдын ала қорытындыларына да арналған.

2010-2014 жылдар аралығында 75 тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 770 жоба пайдаланылуға енгізілген.80% пайдалануға берілген жобалар жоспарлы қуаттылыққа шықты. Оның 56%-ы 100% жүктемелемен жұмыс істейді.Жаңа кәсіпорындар 4 трлн. теңгеге өнім шығарып, оның 628 млрд. теңгедегі өнімін экспорттады.Бұдан өзге өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінен Картаның енгізілген жобалары есебенін 12,4% өндірілді (594,3 млрд. теңгеден 4,8 трлн. теңгеге дейін).

Салтанатты жағдайда "онлайн" режимінде Индустрияландыру картасының 15 жаңа жобасы пайдалануға беріледі:

1. «Посук Титаниум» ЖШС. Титан құймалары мен балқымалары өндірісінің зауыты. ШҚО

2.«Алтыналмас» АК» АҚ. Алтын өндіруші фабрика. Қарағанды облысы.

3.Ақтөбе рельс арқалық зауыты.

4.Орал трансформатор зауыты (электротехникалық өнімдер өндірісі).

5.Халықаралық Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік дәлізі: Сырдария өзені арқылы 220 метрлік көпірді пайдалануға беру. Бір жыл ішінде 157 шақырым ЗЕ-ЗК автомгистралі пайдалануға берілген.

6."Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ портын пайдалануға беру. Алматы облысы.

7.Мұнай сақтау және мұнай өнімдерін сақтау терминалы «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС.

8.Степногорск күкірт қышқылы өндірісінің зауыты.

9.Жамбыл облысындағы қуаты 21 МВт жел электрстанциясы құрылысының 1-ші кезеңінің аяқталуы (9 МВт).

10.Мата өндірісі. "Сәуле" тігін-тоқыма фабрикасы ЖШС, Алматы қ.

11.«Назар Текстиль» ЖШС. «Оңтүстік» АЭА-да Бельгиялық технология бойынша кілемдер өндірісі.

12.Ұнтақ полипропилен грануляциясы цехы "Компания Нефтехим LTD" ЖШС, Павлодар.

13.Хош иісті көмірсутектер өндірісінің кешені.

14.«ӘулиеГолдМайнинг» ЖШС алтын өндіру фабрикасы, СҚО.

15.«Астык Логистик» ЖШС "А" сыныбының қоймалық кешені, Астана.

Сондай-ақ, Телекөпір кезінде Президентпен 16 объект байланысқа шығады, бұдан пайдалануға берілген және ҮИИДБ шеңберінде мемлекеттік қолдау тапқан, табысты жұмыс істейтін кәсіпорындар: өз өндірістерін жаңғыртты  немесе кеңейтті, экспортқа тасымалдады, инновациялар енгізіп және еңбек өнімділігін арттыруда.

Телекөпірден соң Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының лауреаттарын, сондай-ақ, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттайды.




Яндекс.Метрика