Үкімет

ҚР Үкіметі және жұмыс берушілер мен жұмысшылардың республикалық бірлестіктері 2015-2017 жылдарға арналған жаңа Бас келісімге қол қойды

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үш жақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрлің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 09:48

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың республикалық бірлестіктері арасында 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды. 

Жаңа Бас келісім 2014 жылы қабылданған ҚР еңбек заңнамасындағы және кәсіби одақтар туралы заңнамадағы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып әзірленеген. Отырыс барысында баса айтылып өткендей, Бас келісімнің орындалуы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар, сондай-ақ жұмыс берушілер, жұмысшылар және оның өкілдері үшін міндетті. 

Келісім халықтың жұмыспен қамтылуы, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік әріптестік сияқты салалардағы басым бағыттарды орнататын әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты болмақ.

Бас келісімді әзірлеуге Кәсіби одақтар федерациясы, Еңбек конфедерациясы, Еркін кәсіби одақтар конфедерациясы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары қатысты.




Яндекс.Метрика