Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Азия чемпионатында ҚР бессайыстан ерлер құрамасы «қола» жүлдеге қол жеткізді

Астана қаласында Қазақстанның бессайыстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында «қола» жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қыркүйек , 08:38

«Астанада өтіп жатқан бессайыстан Азия Чемпионатының бірінші күні Азия мен Мұхит елдерінің II Жасөспірімдер Олимпиада ойындары өтті. Кіші олимпиадаға жолдама алу жарысы қорытындысы бойынша, қытай спортшысы 4600 ұпаймен алға шықты. Екінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы 4508 ұпаймен иеленсе, әйелдер арасында да ең үздік қатарында қытайлықтар болды», - делінген хабарламада.

Жарыстың екінші күні эстафета бойынша өткізілді.

«Павел Ильяшенко, Рустем Сабырхузин, Андрей Солдатовтар кіретін Қазақстанның ерлер командасы үшінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды Қытай мен Оңтүстік Корея командалары бөлісті», - дейді баспасөз қызметі.

Ксения Александрова, Юлия Колегова, Дарья Хальзова бастаған еліміздің әйелдер құрамасы төртінші орынды қанағат тұтты. Алғашқы үштікте Қытай, Жапония мен Оңтүстік Корея бар.

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика