Халықаралық интеграция

Павлодар облысы Ресей аймақтарына жеткізілетін өндірістік өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлауда – әкімдік

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Өскемен қаласындағы РФ бас консулы Сергей Анненковпен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар25 Желтоксан , 10:34

Кездесу барысында тараптар Павлодар өңірін дамыту және Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы аясындағы түрлі мәселелерді талқылады. 

Сонымен қатар, кездесуде аймақ басшысы 2015 жылға арналған шекаралас ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарымен бөлісті.  

Павлодар облысы Омбы өңірімен бірлесіп Ертіс өзені түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуді, Ресей аумағына өнеркәсіптік өнімдерді өзара бірлесіп жеткізу көлемін ұлғайтуды, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр.

Кездесу соңында облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен Өскемендегі РФ бас консулы Сергей Анненков екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамыту және нығайтуға әзір екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Павлодар облысының Ресеймен сыртқы сауда-саттығы 1,4 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 784,2 млн. долларын, ал импорт – 613,6 млн. долларын құрап отыр.Павлодар облысының сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей үлесі 65%.Облыстың 900 астам кәсіпорны Ресеймен сыртқы экономикалық қызметте әріптестік байланыс орнатқан.

 

 




Яндекс.Метрика