Адами капитал

200-ден аса мерзімді қызметтің әскери қызметшісі ӘШҚҚ және байланыс әскерлерінде қызмет ету үшін даярлықтан өтуде (Фото)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің 78639 және 44841 әскери бөлімдерінде кіші әскери мамандардың курстық даярлығы жалғасуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Алматы 25 Желтоксан, 09:33

«Екі жүзден аса мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қазіргі уақытта Талдықорған және Приозерск қалаларындағы оқу орталықтарында 6 айлық курстық даярлықтан өтуде», - делінген хабарламада.  

Болашақ мамандар ұшақтар мен қозғалтқыштар, авиациялық қару-жарақ, радиоэлектрондық жабдық, РЛС операторы, РҚҚЖ, қолмен сүйемелдеу операторлары және электрик-дизелші сияқты Әскери-әуе күштерінің, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің және байланыс әскерлерінің түрлі мамандықтары бойынша даярлануда.

Кіші әскери мамандардың курстық даярлығы 2014 жылғы шілдеде басталды және 2015 жылғы сәуір айының соңына дейін жалғасады. Ол аяқталғаннан кейін оқу орталықтарының кіші мамандары ауысымдар құрамында өздігінен жауынгерлік кезекшілікті қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, сондай-ақ олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету міндеттерін атқара алады.

Курсанттарды мамандықтарға оқыту үшін 78639 және 44841 әскери бөлімдерінде жақсы оқу-материалдық база, мамандандырылған сыныптар, қару-жарақ тораптары мен агрегаттарының, техникалардың макеттері бар.

Естеріңізге сала кетейік, атқарылып жатқан іс-шаралар әскерлердің кіші мамандарға қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Курсанттардың оқу уақытында алған теориялық білімдері мен практикалық дағдылары оларға алдағы жыл басының өзінде алған мамандықтары бойынша лауазымдық міндеттерін атқаруға кірісуге мүмкіндік береді.

 





Яндекс.Метрика