Үкімет

Б.Сапарбаев ҮЕҰ-мен қарым-қатынас орнату мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас орнату бойынша үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 09:17

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңесте Елбасының Қазақстан халқына жолдауы - «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» аясында үкіметтік емес секторды дамыту мүмкіндіктері мен жолдары қарастырылды.

Айта кетерлік жайт, Үкіметтің жұмысы барысында ҮЕҰ-мен жұмыс жасау басымдылық берілген бағыттардың бірі.

Жыл сайын әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету артып келеді, ағымдағы жылы 1900 жобаны жүзеге асыру үшін 7 млрд теңге қарастырылды.

Келелі кеңес қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев ҮЕҰ-мен қарым-қатынас орнату  мәселелері  мен азаматтық әлеуметтік бастамаларға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас орнату бойынша үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына  орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. 




Яндекс.Метрика