Басқару

Б.Сапарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шараларын қаржыландыруға ұлттық компанияларды тартуды тапсырды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізуге арналған кеңейтілген отырыста Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шараларын қаржыландыруға ұлттық компанияларды тартуды тапсырды.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 19:06

 «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шараларға барлық қалалар, облыс орталықтары мен елді мекендер атсалысуы керек. Қазақ хандығы бір ұлтпен ғана емес, сонымен қатар елімізде тұрып жатқан барлық ұлттармен байланысты»,- деді Б.Сапарбаев.

Бірінші кезекте Премьер-Министр орынбасарының есептеуінше, жастарды, мектептен бастап еңбекші ұжымдарды тарту керек.

«Бүгінгі экономикалық жағдайда қаражатты үнемдеуіміз керек. Сондықтанда аймақ басшыларын ұлттық компания басшыларымен, ірі кәсіпорын басшыларымен қолдау көрсету мәселесін қарастыруды сұраймын. Біз әкімшіліктерді Жамбыл облысы әкімдігімен және Мәдениет министрлігімен бірлесіп осы мәселені шешуін сұраймыз»,- деді ол.

Б.Сапарбаев атап өткендей, жыл соңына дейін мерекелік шаралардың жоспары жасақталып, Тұжырымдама 2015 жылдың қаңтарында бекітіледі.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика