Мәдениетті жаңғырту

Мемлекеттік комиссия ҚХА жылы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы эмблемаларының үлгілерін бекітті (Фото)

Мемлекеттік комиссия мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу бойынша кеңейтілген отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы медалі мен оның 20 жылдық мерейтой эмблемасының үлгісін бекітті.
Нұр-Сұлтан 24 Желтоксан, 18:34

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы логотипінің басты белгісі ретінде шаңырақ алынған. Шаңырақ елдегі бірлік, біртұтастық, бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Шаңырақтың айналасында күн сәулелері тараса, оның ар жағында көгілдір аспан бейнеленген. Бұл өмір мен жылулықтың белгісі іспетті. Логотип  жобасының негізі шеңбер, ол мәңгілік пен тұрақтылықтан хабар береді», - дейді мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов.

Оның айтуынша, логотип Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының келісімін алды.  

ҚХА жылы Қазақстан Конституциясы 20 жылдығына арналған логотипті дайындауға алдыңғы қатарлы дизайнерлер мен сарапшылар тартылып, осы саладағы әлемдік тәжірибе ескерілген.

Қазіргі таңда логотип комиссия мүшелері тарапынан келісім алу процедурасынан өтіп жатыр.

Отырыс барысында 2015 жылғы мерейтой шараларын ұйымдастыру мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу шараларының Ұлттық жоспарын іске асыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған шараларды өткізу жайы қозғалды.

«Үйлестіру және ақпараттық ағындарды құру үшін 2015 жылға арналған медиалық кесте дайындалды. Онда республикалық дәрежедегі барлық шаралар кіреді. 2015 жылға арналған медиажоспар 168 шарадан тұрады, оның ішінде 92- республикалық, 76-өңірлік дәрежедегі шаралар. Бұл 2015 жылға арналған шаралар «жүйкесі», ол басты щараны өткізіп алмауға септігін тигізеді», - деді Орталық коммуникациялар қызметінің жетекшісі Ержан Бабақұмаров.

Камила Амирова

Суретке түсірген Азамат Алиева





Яндекс.Метрика