Өңірлер

Қазақстан Ипотекалық Компаниясының жарғы капиталы 32%-ға ұлғайды – ұлттық холдинг

Қазақстан Ипотекалық Компаниясының жарғы капиталы 32% ұлғайды және 58 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
Казахстан24 Желтоксан , 17:33

Меншік капиталы 50,9% өсіп,  44,9 млрд. теңге деңгейіне жетті. Ағымдағы жылдың 11 ай  ішіндегі активтері  10,9% өсіп,  170,9 млрд. теңгені құрады. Есеп беретін кезеңдегі Компания міндеттемелері 1,4% ұлғайып, 125,9 млрд. теңгеден асып түсті.

Ағымдағы жыл ішіндегі Қазақстан Ипотекалық Компаниясының жоспардағы таза табысы 1 млрд. теңгені құрады, оның негізгі құралған көздері берілген қарыздардың сыйақылары болып отыр.

Есеп беретін кезең ішінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясымен жалпы сомасы 12,5 млрд. теңгеге  1 726 ипотекалық қарыз бойынша талап құқықтары сатып алынды. Ағымдағы дата бойынша Компанияның ссудалық қоржыны 87,3 млрд. теңге болатын 24 мың қарыздан құралып отыр.

Жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласында бірінші объект пайдалануға тапсырылды. Бағдарлама бойынша жалпы алаңы шамамен 155 мың шаршы м. болатын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары еліміздің 8 өңірінде жалғастырылуда. Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы аясында Казақстан Ипотекалық Компаниясының жалпы тұрғын үй қоры 1,4 млн. шаршы м. асатын болады, ол 29 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.

Мемлекеттік бағдарлама талаптарына кірмейтін халық санатын қолдау мақсатында ҚИК өзінің меншікті жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. 

Компания жалпы сомасы 8,87 млрд. теңге болатын облигациялардың негізгі борышын өтеуді және сомасы 6,4 млрд. теңгеге меншікті облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеуді іске асырды. Компанияның тұрақты және нақты өсуін Fitch берілген рейтинг растайды – ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам – «BBB-» деңгейінде шет ел валютасында, «BBB» ұлттық валютадағы рейтингі «Тұрақты».

Халықтың тұрғын үй жағдайларын одан әрі жақсартуға көмек көрсету аясында компания «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп «Нұрлы Жол» бағдарламасын әзірлеуге қатысады.

Айта кетейік,  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ қаржы нарығында  2000 жылғы желтоқсаннан бастап тұрақты, қарқынды дамыған қаржы институты, сонымен қатар әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік құрылым болып табылады. Компания акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады. 

 

 




Яндекс.Метрика