Адами капитал

Қазақстанда Президенттік Жаңа жыл шыршасы өтті

Бүгін Көкшетауда Президент атынан «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты Жаңа жылдық шырша өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
Казахстан24 Желтоксан , 18:49

Дәстүрлі мерекеде барлық облыстан 200 шақты бала келді. Олардың арасында жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, сонымен қатар білім, спорт пен шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар бар.

Телеэкраннан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауы көрсетіліп, онда Мемлекет басшысы балаларға бақыт пен алдағы өмірлеріне жетістік тіледі.

Жаңажылдық шыршаның әрбір қатысушысына Мемлекет басшысы атынан сырт киімдер, ұялы телефонға сертификат, кітаптар мен тәтті-дәмділер табысталды. Шара соңында оқушылар үшін мерекелік түскі ас пен экскурсия ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, Алматыда ҚР Президентінің балалар үйі тәрбиеленушілері, әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасы балалары, мүгедек балалар, қаланың интернаты мен орта мектептері оқушыларына арналған мерекелік шара өтті.

Шара бағдарламасында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған көріністер қойылды.




Яндекс.Метрика