Халықаралық интеграция

Қазақстанның Елшісі Е.Әли Эфиопияның Президенті М.Тешомаға сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Ерлік Әли Эфиопияның Президенті Мулату Тешомаға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде24 Желтоксан , 18:03

Рәсім шеңберінде қазақстандық дипломаты М.Тешомаға қазіргі кезеңдегі Қазақстанның дамуы, елдің сыртқы саяси бастамалары, Президент Н. Назарбаевтың екі жақты қатынастарды дамыту туралы қойған міндеттері туралы хабардар етті. Африкалық Одақ шеңберінде өзара іс-әрекет маңыздылығы баса айтылды.

Өз кезегінде, М. Тешоме ҚР Президенті Н. Назарбаевқа ізігі тілектерін жолдады және екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысқа дайындығын білдірді.

Қазақстанның Эфиопияда Төтенше және өкілетті елшісі деңгейінде болатының М.Тешоме жоғары бағалады және Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жемісті жұмыс тіледі.




Яндекс.Метрика