Адами капитал

Өскеменде Президенттік шыршаға қатысқан 200 баланың барлығына планшет сыйға берілді

Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жағдайы төмен отбасылардың балаларына, оқу озаттарына және әр түрлі байқаулардың жеңімпаздарына арналған дәстүрлі жаңажылдық шырша болып өтті. Шараға қатысқан 200 баланың барлығына планшет сыйға берілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан24 Желтоксан , 19:33

Бала күлкісі шалқыған Өскеменнің төрінде балаларға арнайы мерекелік бағдарлама ұсынылды. Облыстық Жамбыл атындағы драма театры мен мектептерден, музыка мектептерінен жиналған 200-ге тарта әртіс бүлдіршіндерді қызыққа бөледі.

Шыршаға жиналған 9-13 жас аралығындағы оқу озаттары, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Елбасының өздеріне арнаған бейнежазбадағы құттықтау сөзін қуана тамашалады.

Сондай-ақ, жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысушылардың бейімделу үдерісін жеңілдету, бір-бірімен таныстыра достастыру мақсатында психологиялық тренинигтер өткізілді. Шара соңында балалардың қуанышы тіпті еселене түсті. Жыл бойы үздік оқып, Президент шыршасына қатысу бақыты бұйырған 200 баланың барлығына планшеттер табысталды.

 




Яндекс.Метрика