Адами капитал

ҰКП басшысы жастарға арналған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу қажеттілігін айтты (ФОТО)

ҚР ҰКП басқарма басшысы Абылай Мырзахметов ҚР ҰКП жастар кәсіпкерлігін дамыту кеңесінің 1-ші отырысында жастарға арналған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу қажеттілігін алға тартты.
Нұр-Сұлтан 24 Желтоксан, 13:54

«Ең бастысы жастардың мұқтаж болатындары – мәлімет. Кәсіпкерлікті дамыту шаралары туралы ақпараттану деңгейін көтеру керек. ХҚКО мен КҚКО тәжірибесі өте маңызды. Қазіргі таңда барлық халық өзге институттардың өзге қызметтерін де тұтынады. Жастар үшін арнайы жас кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашу керек, оларды жалпылай жұмыс істету маңызды емес», - дейді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап Ұлттық палата «Даму» қорымен бірлесіп ХҚКО-ін басқара бастайды. Сонымен қатар ол қазақстандық 5 млн жастардың ішіндегі 30 пайызы өзін өзі жұмыспен қамтушылар екенін айтты.

Жастар кәсіпкерлігі саласында шешімін табуы тиіс көптеген мәселелердің бар екені айтылды. «Атап айтар болсақ, «жас кәсіпкер» термині заңнамалық тұрғыда бекітілмеген, осы орайда қазіргі таңда статистикалық жұмыстар жасалмайтынын тілге тиек етті. Бұл жалпы саланы өз деңгейінде дұрыс бағалауға өз көмегін тигізер еді. Зерттеу институттары мәліметінше, жыл сайын көптеген қазақстандықтар мектепті аяқтағаннан кейін бірден оқу орындарына түскенімен, жұмысқа орналасуда қиындық көреді. Нәтижесінде көбі жұмыссыз қалса, енді қалғандары өзін өзі жұмыспен қамтушылар», - дейді.

Отырыс барысында 2015 жылға арналған ҚР ҰКП жастар кәсіпкерлігін дамыту кеңесі жұмыс жоспарын бекіту жоспарлануда.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика