Инфрақұрылымды дамыту

2015-2016 жылдарға қарсы жыл сайын 10 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салу жоспарланып отыр – С. Ахметов

2015-2016 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын 10 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынады. Бұл туралы Премьер-Министр Серік Ахметов «КТК» арнасына берген сұқбатында айтты.
Казахстан30 Қыркүйек , 10:24

«2015-2016 жылдарда жеке баспананы қосып санағанда жыл сайын 10 млн шаршы метр жерді құрайтын тұрғын үй құрылысын жүргіземіз», - деді С. Ахметов.

Ол атап өткендей, елде «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы қарқынды жұмыс жасауда. Елбасының Жолдауы бойынша бірқатар тапсырмалар жүзеге асуда.

«Тұрғынүйқұрылыс бағыты бойынша барлық аймақтарда жұмыс жасалуда. Тұрғынүйқұрылысжинағы бойынша баспана алу 50 пайызыдық көрсеткіш бойынша қаржы жинау керек. Содан соң, ай сайын 30 мың теңге несиені өтейді, қаражатты мерзімге дейін де өтеуге болады», - деп айтты ол.  

Үкімет басшысы атап өткендей, тек қана аталмыш бағыт бойынша ғана 100-ден 130 шаршы метрге  дейін тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлануда, ол қазақстандық ипотека боынша 500 мың шаршы метрді құрайды.

«Біз жалға беру баспанасын дамыту керекпіз, себебі бар әлемде жалдық баспана базалық болып есептеледі. Көп елдерде адамдар жалға берілетін пәтерлерде де қолайлы өмір сүруде», - деді С. Ахметов.

 «Бұл өте ауқымды жақсы бағдарлама. Бұл бар бағыттар бойынша баспана дауын шешеді. Әрине, біз өте көп үйлердің құрылысын жүзеге асыру керекпіз», - деп Премьер – Министр атап өтті.

«Біз көріп тұрғандай жеке үй құрылысы артып келеді. Алайда, ол үшін жергілікті атқарушы органдар жер телімін ұсынып қарым-қатынас орнату қажет. Қаржысы бар азаматтар ондай келісімге барады», -деп Үкімет басшысы қорытындылады.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика